Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 24.06.2015 жылғы  қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Д.М. азаматша  Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 200-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, алкоголь өнімін сату түрі лицензиясының қолданысын 1 (бір) ай мерзімге тоқтата тұрып оған осы баппен он айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы 19 820  (он тоғыз мың сегіз жүз жиырма) теңге айыппұл салынды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында Шымкент қаласының тұрғыны Д.М. жеке тұлға бола тұра 05.05.2015 жылы 01 сағат 00 минутта Шымкент қаласы Маметов көшесінде орналасқан дүкенінде 21 жасқа дейінгі 25.09.1996 жылы туылған К.К азаматқа екі шөлмек алкоголь өнімін сатқан.

       Сотта құқық бұзушы Д.М. азаматша  өз кінәсәін толығымен мойындап, келешекте қайталанбайтынына сөз берді.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі