Кіші футболдан турнир өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай 30.07.2016 жылы Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен Мырзакент кентінде орналасқан №120 жалпы орта мектебінің стадионында кент тұрғындары арасында кіші футболдан турнир өткізілді.

Турнирге барлығы 10 команда қатысып, 1-орынды «Мырзакент-1» командасы, 2-орынды Мақтаарал аудандық Ішкі істер басқармасының 2-полиция бөлімінің командасы, 3-орынды №2037 әскери бөлімнің қызметкерлерінен құралған команда иеленді.

Ойын барысында үздік өнер көрсеткен ойыншыларға «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Ардагер ойыншы» номинациялары бойынша сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі