Коммуналдық шығынды өндіру туралы дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кентау қалалық сотының 2024 жылдың І жарты жылдығына арналған судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында дөңгелек үстелдер мен семинар сабақтар өткізу жоспарына сәйкес, коммуналдық шығынды өндіру туралы дөңгелек үстел өткізілді.

         Іс-шараға Кентау қалалық сотының судьялары Б.П.Құрамысов, Ұ.Д.Байжігіт, «Кентау құрылыс» ЖШС-нің басшысы Б.Сланбаев, заңгері Қ.Бекмурзаев, жеке нотариус И.Туракулова, Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы Т.Искаков, басшы орынбасары  Н.Көкенов қатысты.

Дөңгелек үстелді Кентау қалалық сотының төрағасы Е.Ж.Абдраманов ашып, өз сөзінде, «Кентау құрылыс» ЖШС-нің келісім шарт тармақтарының заңдылығы орындалмауына байланысты жинақталған қарыз мөлшерін өндіру туралы берілген талап арыздары Қазақстан Республикасы АПК-нің талаптарына сай келмеуіне байланысты, бірқатар кемшіліктерді  атап өтті.

Кентау қаласының жеке нотариусы И.Туракулова сотқа дейінгі тәртіпті сақтау мақсатында атқарушылық жазбаны шығару керектігін атап өтті.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

 

 

Қайнар: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі