Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ОҚО Төлеби аудандық сотында Е.Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 10 маусым күні сағат  19.00 шамасында Е.Д. қасақана, пайдакүнемдік мақсатта Төлеби ауданы, Ленгер  қаласы, Төлеби көшесінде оналасқан үйдің ауласына кіріп, Т.А-ның меншігінде нарықтық құны 35 000 теңгені құрайтын мүлкін жасырын жымқырып, мүліктік залал келтірген..

Төлеби аудандық сотының қаулысымен Е.Д. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде  жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылды. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі