Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 187-бабының 1-бөлігімен айыпталған А.О.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы А.О. жауапкершілігі шектеулі серіктестікте механизатор болып жұмыс істеп жүріп, танысы К.Т.-ға ЖШС-ге тиесілі трактордан 60 литр солярканы жасырын түрде сатып, ЖШС-ге 5 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сот отырысы барысында тараптар медиатордың көмегімен татуласты.

Сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына, келтірілген залалдың орны толық өтелуіне байланысты, сотталушы А.О. қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі