«Медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтаарал ауданының № 2 аудандық сотының судьясы А.Шиндалиев кәсіпқой емес медиаторлар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Медиация» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар медиацияның өзектілігі мен тиімділігі, басымдықтары, оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығы және сотта медиация туралы заңды қолданудың деңгейі туралы  пікір алмасты.           

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушыларға заңды насихаттау мақсатында  сотта медиацияны қолданудың тәртібі түсіндірілді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі