Мемлекеттік қызметкерлер арасында «Сіз заңды білесіз бе?» атты танымдық байқау өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Конституция күні қарсаңында Арыс аудандық сотының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында «Сіз заңды білесіз бе?» атты танымдық байқау өтті. Іс-шараға Арыс қаласы ішкі істер бөлімінің, Арыс қалалық әкімі аппаратының, Әділет басқармасының, Халыққа қызмет көрсету орталығының, Арыс қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және Арыс қалалық білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқау барысында мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарды білу деңгейі бойынша бақ сынасты.

Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен көтермелеу сыйлықтары табыс етілді.   

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі