Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «ОҚО ІІД» ММ-сінің жауапкер ЖК «Б.»-ны  мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, тұрақсыздық сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

       Азаматтық істі қарау барысында, жауапкер Б.-нің мемлекеттік сатып алу туралы конкурстың жеңімпазы деп танылып, осының негізінде 2017  жылғы 28 сәуірде жауапкермен келісім шарт жасалынған.

       Бірақ, жауапкер ЖК «Б.» тауарды жеткізіліп бермеген, яғни міндеттерін орындамаған.

       ҚР азаматтық заңнамасымен келісім шартты жасаған сәттен тараптар үшін келісімнің міндетті екенін анықталған, сонымен бірге, заң  талапатары мен шарт міндеттеріне сәйкес  міндеттер тиісті түрде орындалуы туралы ескерілген.

       Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

        Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі