Мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айыруға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«ГАЗПРОМ НЕФТЬ-КАЗАХСТАН» ЖШС–нің бас директорының  21.06.2010 жылғы №12 санды бұйрығы негізінде азамат Б.А ОҚО Ордабасы ауданы Төреарық ауылында орналасқан № 203 санды жанар май құю бекетінің басқарушысы қызметіне қабылданып 2014 жылдың 01- маусым мен 01- шілде аралығында азамат Б.А осы қызметті атқарып жүріп, бір ай көлемінде сатылған жанар майдан түскен 12 947 093 теңгені инкасацияға өткізбей, иемденіп алып, ЖШС-тің өзіне сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі, яғни жалпы жиыны 14 230 023 теңгені өзі иемденіп, ысырап еткен.

Б.А. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 176-бабы 4-бөлігі «б» тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басқару қызметін атқару құқығынан 3 (үш) жылға айыра отырып, 7 (жеті) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Источник: 
Ордабасы аудандық сотының баспасөз қызметі