Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Жиынға сот жүйесінің ардагерлері, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, ОҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшылығы және мамандары қатысты.

Жиынды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков ашып, жиналғандарды Конституция күнімен құттықтай келе, Ата заңның мемлекетіміз үшін аса зор маңызы мен сот-құқық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі екендігін атап өтті.

Содан кейін сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының ардагер судьялар Кеңесінің төрағасы Өмірбек Темір және  ардагер судья, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Гүлбану Ағаділова және ардагер судья Айтжан Бекназаров судьялар мен Соттар әкімшісінің қызметкерлерін мерекемен құттықтай келе, осындай құрмет көрсетіп отырған облыстық соттың басшыларына алғысын білдірді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы А.Алшынбаев баяндамасында облысымыздың сот жүйесі азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз ету міндеттерін абыроймен атқаруда екенін, Ата заңның бүкіл құқықтық жүйенің өзегі бола тұра, өзге заңдардың мәні мен мағынасын айқындай түсетінін, республиканың тұрақты және үдемелі дамуының берік іргетасы болып табылатынын және Конституцияға енгізілген өзгерістердің адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілін күшейтуге  қатысты мәселелердің түбегейлі шешілуіне ықпал еткенін атап өтті.

Баяндамадан соң жиын судьялар мен Сотар әкімшісі қызметкерлерін марапаттау рәсіміне ұласты. Облыстық соттың төрағасы Т.Баратбеков ардагер судьялар Базарбек Уәлиханов пен Нұрмұханбет Қалдиевке «Судьялар Одағының Құрметті мүшесі» құрмет белгісін табыстады. Ұзақ жылдар бойғы жемісті әрі мінсіз қызметі, сот-құқық жүйесін дамытуға қосқан салмақты үлесі үшін Жоғарғы Сот Төрағасының ІІІ-ші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы Светлана Шыналиева марапатталды.                              Сот жүйесіндегі көп жылғы еңбегі, сот төрелігін жүзеге асырудағы табыстары, судьялар қауымдастығындағы белсенді қоғамдық қызметі үшін Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Ләйлә Тәкішева марапатталды.                

Сот жүйесіндегі көп жылғы еңбегі, сот төрелігін жүзеге асырудағы табыстары, белсенді қоғамдық қызметі үшін Судьялар Одағының «Құрмет Грамотасы» сот жүйесінің ардагер судьясы Лариса Ермаковаға, облыстық соттың судьясы Таубай Қадырбаевқа, Түркістан қалалық сотының судьясы Арысбай Тілегеновке және ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  судьясы Әбсаттар Шахидиновке табысталды.

Облыстық соттың судьялары Бүркіт Байдуллаев және Айманья Кульчикова, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы Бақытжан Усманов, ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Марат Оңласов Судьялар одағының «Алғыс хатымен» марапатталды.                                                                                             

Сонымен қатар, іс-шара барысында облыстық соттың төрағасы ардагер судья Шералы Орынбай мен облыстық соттың судьясы Әділ Керімшеевке еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің Грамотасын тапсырды.

Облыстық сот төрағасының Құрмет грамотасымен облыстық соттың судьясы Наурызбай Әуезов,  Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының судьясы Еділхан Ағманов, Шардара аудандық сотының судьясы Светлана Оңдыбаева  марапатталды.

Облыстық сот төрағасының Алғыс хаты Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы Отарбаев Еркенге, Еңбекші аудандық сотының судьясы Қамшыбек Анарбаевқа, Әл-Фараби аудандық сотының аға сот приставы Ғалым Тастановқа  және Төлеби аудандық сотының бас маманы Серік Қожақовқа табысталды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында ОҚО соттар Әкімшісінің басшысы Орынбасар Лештаев ұзақ жылдар бойғы жемісті әрі мінсіз қызметі, сот-құқық жүйесін дамытуға қосқан салмақты үлесі үшін Жоғарғы Сот жанындағы Департамент басшысының ІІІ-ші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін Мақтаарал ауданының №2 сотының бас маманы Гүлзахира Сейсенбаеваға және  Департамент басшысының ІІ-ші дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісін Соттар Әкімшісі аппаратының бас маманы Алтынай Тнееваға тапсырды.

Конституция күні мерекесінің құрметіне орай, Соттар Әкімшісі басшысының Алғыс хатымен Түлкібас аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Эльдар Құтынбетов,  ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Ерлан Есенбаев, Әл-Фараби аудандық сотының бас маманы Еркебұлан Әмребеков марапатталды.

Салтанатты жиын соңында қатысушылардың назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі