Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы іссапармен Мақтаарал, Шардара және Сарыағаш аудандарында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбековтың Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотына жоспарланған қызметтік іс-сапарының аясында 02.06.2017 жылы ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми бекіткен «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» қарарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 6-тармағын орындау мақсатында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланды.

Іс-шара Мақтаарал ауданы №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен Мырзакент кентіндегі «Ақ алтын» мәдениет үйінде өткізілді.

Талқылауға  ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы О.Лештаев, аудандық соттың төрағасы Ж.Мақұлбаев, судьялар мен сот қызметкерлері, Мақтаарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов, Мырзакент кентінің әкімі М.Ердешев пен әкімшілік қызметкерлері, Мақтаарал ауданы мәслихатының хатшысы М.Жайлымшиев және депутаттар, аудан прокуратурасының прокурорлары, аудандық ішкі істер басқармасының 2-полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы, Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің Шекара қызметінің №2037 әскери бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері, аудан аумағында орналасқан этно-мәдени Орталықтардың жетекшілері, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылық құрамы, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, барлығы 250-ден астам адам қатысты.

Іс-шара барысында аудандық соттың судьясы А.Ниязбеков Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша баяндама жасап, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, кәсіби медиатор Қ.Хаметов, Мырзакент кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, Еңбек ардагері, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы А.Лазарева және Корей мәдени орталығының жетекшісі А.Ли жарыссөзде өз ойларын ортаға салды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Т.Баратбеков іс-шараны қорытындылай келе, Елбасының бағдарламалық мақаласы – бұл, ең әуелі ХХІ ғасырда шынайы өмірде ұлттық сананы айқындайтын және қоғамдық сананы өзгерту жолдарының жалпы бағыттарын белгілейтін дүниетанымдық-идеологиялық мақала екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, төраға жиналған қауымды елізімде Ұлт жоспарының заң үстімдігін қамтамасыз ету реформасы аясында жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформаның нәтижелерімен жан-жақты таныстырып, ол туралы арнайы бейне ролик көрсетілді.

Осы іс-шарадан кейін облыстық соттың төрағасы Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының ғимаратына болып, сот төрелігін атқару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасымен танысты.

Сонымен қатар, қызметтік іс-сапар барысында Т.Баратбеков Шардара, Сарыағаш аудандарында болды.

Сарыағаш ауданына сапары кезінде төраға аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараға Сарыағаш ауданының әкімі Қ.Абдуалиев, ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы О.Лештаев, Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Т.Машрапов, Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Балғанбеков,  Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының төрағасы Н.Ешпанов, аудан прокуроры Н.Боранбаев, аудандағы мемлекеттік мекемелердің басшылары, медиаторлар және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы төңірегінде және Жоғарғы Сот іске қосқан «Медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаның» жүзеге асырылу барысы жайлы сөз болды.

Қызметтік іссапар кезінде Т.Баратбеков аудандық соттардың ғимараттарын аралап, олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі