Өз анасын балағаттаған үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

М.Ә.М., 04.05.2014 жылы Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан «Фламинго» мейрамханасының алдында  өз анасын С.У.,  бас араздық салдарынан былапыт сөздермен балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, сыйламаушылық білдірген. Осы құқық бұзушылықты жасағаны үшін, Түлкібас аудандық сотының 15 мамыр 2014 жылғы қаулысымен М.Ә.М., Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 330-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп табылып, оған осы бап бойынша жаза ретінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  9260 (тоғыз мың екі жүз алпыс) теңге айыппұл салынды..

Қаулы заңды күшіне енбеген

 Түлкібас аудандық сотының

баспасоз қызметі