Өзбекстан Республикасының 6 азаматы қөші-қон заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ордабасы аудандық сотында Өзбекстан Республикасының 6  азаматына қатысты Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-ң 517 бабының 5 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушылар  2017 жылы Қазақстан Республикасына жеке мақсатында келіп, алайда Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзып, Шұбарсу ауылында жалданып жұмыс  істеп жүрген ұсталып, оларға  қатысты  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабының 5 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Құқық бұзушылардың  кінәсі олардың  мойындап берген түсінігімен, әкімшілік ұстау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, полиция қызметкерлерінің мәлімдемесімен, және басқа да іске тіркелген құжаттармен дәлелін тапты.

Құқық бұзушылар  Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға осы баптың бөлігімен Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі