Сарыағаш аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде поэзия байқауы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Сарыағаш аудандық сотының ұйымдастыруымен Ата заңымыздың мәртебесін арттыру мақсатында Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру-мәңгілік ел болудың кепілі» атты поэзия байқауы өтті.

Байқауды өткізуге Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Т.Машрапов және судьясы Н.Жұмабаев, аудан прокуроры, аудан әкімі мен әкімдіктің қызметкерлері, қала және ауыл әкімдері, аудандық тілдерді дамыту мен мәдениет бөлімінің, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері ат салысты.

Байқауға аудандағы барлық мектептердің шығармашылық талабы мен таланты бар 7-10 сынып аралығындағы оқушылардан 21 өнерпаз қатысып, бақтарын сынады.

Аталған іс-шараны өткізудегі мақсат Қазақстан Республикасы Конституция күні мерекесіне орай, еліміздің тірегіне айналған Ата заңымыздың мәртебесін арттыруды және оның маңыздылығын жоғалтпай сақтауды дәріптеу, конституциямызды құрметтеу арқылы Тәуелсіздіктің баға жетпес құндылығын жастарымыздың бойына сіңіріп, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке баулу болды.

Байқау нәтижесі бойынша әр жанр бойынша жеңімпаздарға ұйымдастыру алқасының бағалы сыйлықтары табысталып, өзге қатысушыларға ынталандыру марапаттары берілді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі