Шетелдің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ОҚО Отырар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен шетел азаматтарына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Іс-құжаттарына сай, Өзбекстан Республикасының азаматтары Н.Ф, И.Б және М.О. еңбек қызметін жүзеге асыру үшін қажетті шарт болып табылатын рұқсатты алмай, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырып, халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған.

Сот қаулысымен құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Сот қаулылары заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі