Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында прокуратура және ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуларымен «Қылмыстық қудалау органдарынан сотқа келіп түскен істер мен өтінішхаттардың сапасы жөнінде» дөңгелік үстел өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасы Е.Рахманберді 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сотта қаралған қылмыстық істерді зерделеу кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен істің мән-жайлары жан-жақты, толық және объективті түрде зерттемелмейтінін, оқиға және қылмыстық заңда көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері, яғни оның жасалған уақытын, орнын, тәсілін және басқа да мән-жайларын нақтыламайтынын, айыптау актісін түзу барысында тергеушілердің қылмыс құрамын ашып көрсетпейтінін, сотталушының нақты іс-әрекетін, ойы мен пиғылының неге бағытталғанын, оның бұрын сотталғанын немесе сотталмағанын анықтамайтынын, айыптау актісінің көшірмесін табыс етпейтінін атап өтті.

Сондай-ақ, сот төрағасы Е.Рахманберді сотқа жолданатын істер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің талаптары әрдайым сақтала бермейтініне тоқталып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеу жөнінде ескертті.

Өз кезегінде, құқық қорғау органдарының өкілдері қылмыстық істі тергеу кезіндегі өзекті мәселелерге тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты ойларын айтып, өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі