Шымкент қаласының Қаратау сотында «Сот актілерін орындаудағы проблемалық сұрақтар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау сотында сот төрағасы Е.Рахманбердінің төрағалық етуімен, кеңсе меңгерушісінің, сот кеңсесінің қызметкерлерінің және Қаратау аумақтық мемлекеттік сот орындаушысының қатысуларымен «Сот актілерін орындаудағы проблемалық сұрақтар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сот төрағасы Е.Рахманберді өз баяндамасында орындалмаған сот актілері соттың үнемі бақылауында екендігін, сонымен қатар, сот төрағасы орындалмаған сот актілерінің тізімін атап өтті.

Талқылау барысында Қаратау аумақтық мемлекеттік  сот орындаушысы С.Бекетановтың мемлекет пайдасына сомаларды, баж салығын өндіру кезінде туындайтын мәселелер және басқа өндіруге жататын сомалар бойынша сот актілерінің ұзақ мерзімде орындалмау мәселелері қозғалып, шешу жолдары талқыланды.

Семинар сабағының қорытындысында, сот орындаушылар мен сотпен бірлесіп жұмысты атқаруға шешім қабылданды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі