«Сот актілерінің орындалу барысы туралы» дөңгелек үстел өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтаарал аудандық сотының хабарламасы бойынша:

Сотта «Сот актілерінің орындалу барысы туралы» дөңгелек үстел өткізілді.

        Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьясы Е.Сламбеков, жетекші маман Д.Оразымбетов, прокурор С.Усеев, сот орындаушылар: А.Қалдарбеков, Е.Тапиев, А.Кокишев, Е.Абдраманов, Н.Досыбекова, А.Қазақбаев қатысты.

         Төрағалық етуші Е.Сламбеков дөңгелек үстелді ашып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша сот актілерінің орындалу жағдайына кеңінен тоқталып, бақылауда тұрған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша тізімде көрсетілген сот актілерін тез арада орындап, тиісті құжаттарды және оларды орындаудан жалтарған немесе кедергі келтірген тұлғаларды заңда көзделген әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша құжаттарды сотқа жолдауды қатаң тапсырды.

        Дөңгелек үстел барысында Түркістан облысы атқарушылық округының жеке сот орындаушысы А.Казакбаев, қазіргі уақытта соттан шығарылған сот актілері бойынша мемлекет кірісіне төленуге жататын сомаларды, олар орындауға түскен кейін борышкерлерге қолданыстағы атқарушылық іс жүргізу туралы және басқа да заңдардың талаптарын толығымен түсіндіру арқылы төлету шаралары кеңінен қолданылуда екендігін айтып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында өзара пікір алмасып, атқару құжаттарын негізсіз қайтару, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың тарапынан атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту себептері талқыланып, нақты мәселелер шешімін тапты. 

Төрағалық етуші Е.Сламбеков дөңгелек үстелді қорытындылай келе, орындалмаған істер бойынша тиісті мекемелерге ұсыныс, тоқсан сайын аталған істер бойынша ескертпе хаттар жолданып, қатаң түрде бақылауға алуды, сот актілерінің орындалу сапасын арттыру жөнінде сот орындаушыларға міндеттемелер жүктеліп, сот актілерін негізсіз орындаусыз қалдыру  және қайтару фактілерін болдырмау жөнінде талап қойды.

Қайнар: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі