Сот бұйрығын орындамағаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы жеке кәсіпкер Н. Шегалиев Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі негізінде борышкер ретінде өндіруші Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының пайдасына жалпы 368 004 теңге төлеуге міндетті болған.

Алайда, ол сот орындаушылардың берешек қарызын төлеу жайлы бірнеше рет берілген ескертулеріне қарамастан соттың шешімін өз еркімен орындаудан жалтарған.

Сотта сұралған құқық бұзушы жеке кәсіпкер өзіне тағылған кінәсін толық мойындап, келешекте қарызынан толық құтылатындығын айта келе, соттан жеңіл жаза беруді сұранатындығын көрсетті.

Құқық бұзушы Н.Шегалиев Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 524-бабымен кінәлі деп табылып, оған осы баппен 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындау жайлы қаулы шықты.

Қаулы заңды күшіне енген.

 

                                                                  Мақтарал ауданының №3 аудандық сотының баспасөз қызметі