Сот қарыз алушының құқығын қорғап, қаржы мекемесінің талабын қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас аудандық сотында «Арнайы қаржы компаниясы «Finance» ЖШС-нің жауапкер Е.А.-дан несие міндеттерімен алынған берешекті және мемлекеттік бажға төленген сот шығындарын өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында жауапкер Е.А. талап-арызды мойындамай, соттан талап қою мерзімінің өтіп кеткенін ескеріп, қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Сот, жауапкерді тындап, іс-құжаттарын зерттеп, оларға баға беріп, талап-арызды қанағаттандырусыз қалдыруға жатады деп есептеді. Себебі, келісім-шарт 29.07.2011 жылы жасалған, ал талап-арыз 21.02.2017 жылы берілген, яғни талап қою мерзімі өтіп кеткен. Бұл жағдайда несие алушының құқықтары бұзылған.

Соттың шешімімен «Арнайы қаржы компаниясы «Finance» ЖШС-нің талап-арызы талап қою мерзімінің өтіп кетуіне байланысты, қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі