Сот көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы Н.Е. Жетісай - Мақталы тас жолы бойындағы Сәтбаев ауылының тұсында басқаруындағы «Газ-33021» маркалы автокөлігін Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінің 10.1 тармағының талабын бұзып, яғни белгіленген шектеуден асатын жылдамдықпен жүргізіп келе жотып, жолды кесіп өтіп бара жатқан жәбірленуші Н.К.-ні соғып, жол көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде, жәбірленушіге денсаулығының қысқа мерзімді бұзылуына әкеп соққан жеңіл зиян келтірген.

Сотта құқық бұзушы Н.Е. өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге  келтірілген материалдық залалды өз еркімен өтегендігін айтып, кешірім жасауды сұранды.                                                 

Сот қаулысымен құқық бұзушы Н.Е. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 468-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылды және оған осы бап бойынша он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынып, бір жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.               

Мақтарал ауданының №3 аудандық сотының баспасөз қызметі