Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ресми құжаттарға апостиль қою-бұл құжатқа қол қойған адамның қолының түпнұсқалығын куәландыру және оның өкілеттіктерін растау, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растау процесі.
Апостиль-бұл құжатқа қол қойған тұлғаның қолының түпнұсқалығын куәландыратын және осы тұлғаның өкілеттігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою қызметі Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) негізделген және бірқатар нормативтік құқықтық актілер мен реттеледі. Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабының күшін жоятын Конвенцияның 5-бабына сәйкес тиісті түрде толтырылған апостиль қойылған қолдың түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған тұлға сөз сөйлеген адамның сапасын және тиісті жағдайда осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады.
Апостиль қою рәсімі бұл – Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің аумағын да қолдануға арналған апостиль қойылатын құжаттардың түпнұсқалығына және тиісінше ресімделуіне кепілдікті қамтамасыз ету.
Конвенцияға сәйкес апостиль қойылатын, сот органдарынан шығатын құжаттар алыс шетелдерге жіберілуге жатады және мемлекет имиджінің өзіндік көрінісі болып табылады.
Қайнар: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі