Сот шет ел азаматының құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында Аргентинадан  келісім-шарт бойынша жұмысқа келген Ф. есімді азаматтың пәтерінде орын алған ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен азаматша П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, сотталушы П. 2017 жылғы 25 маусымда Аргентина азаматы Ф.-ның пәтерін жинауға келген кезінде жатын бөлмедегі сөре үстінде тұрған жәбірленуші Ф.-ның алтын әшекей-бұйымдарын, алтын моншағын, алтын сақинасын ұрлап кетіп, жәбірленушіге 700 000 теңге көлемінде залал келтірілген.

Сотта жәбірленуші Ф. сотталушы П.-ның залалды толығымен өтегенін және кәсіби медиатордың көмегімен келісімге келгендерін көрсеткен. Осыған байланысты жәбірленуші істі қысқаруды және сотталушыны қылмыстық жуапкершіліктен босатуды сұраған.

Сот келтірілген зиянның есесінің толтырылуын және жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқаны туралы жәбірленушінің өтінішін ескере отырып, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде сотталушыны қылмыстық жуапкершіліктен босатты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі