Сот төрағасына алғыс хат келіп түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

         Созақ аудандық сотының төрағасы Нұрғали Кұламқадырұлының атына «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Қоғамдық бірлестігінің Президенті ТМД Экономикалық сотының «Дауларды реттеудің халықаралық орталығы» Арашашысы Ж.Ә.Жақыповтың атынан алғыс хат келіп түсті. Хатта «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Қоғамдық бірлестігі 1997 жылы Қазақстан Халық Ассамблеясының 9 мәдени-ұлттық орталығының қолдауымен халыққа тегін заңгерлік қызмет көрсету мақсатында құрылғандығы және 2011 жылдан бері

          «Халықаралық құқық қорғау орталығы» жанынан медиаторлар мектебі ашылып, бүгінгі күні Еліміздің аймақтарында 200-ге жуық кәсіби медиатор қоғамда дау-дамайларды реттеуге көмек етіп жүргендігі айтыла келе, «Халықаралық құқық қорғау орталығының» басшылығы жуырда болған 2013 жылғы жұмыстарды қорытындылау отырысында «Қазақстанда медиация институтын дамыту мәселесіне зор үлесін қосқан және аумақтардағы кәсіби медиаторларға тиесілі қолдау көрсеткен сот және жергілікті атқарушы органдар басшыларына алғыс жариялау туралы шешім қабылдады» - делінген. Қазақстанда медиация институтын дамыту барысында қосқан зор үлесі және Орталығымыздың кәсіби медиаторларына көрсеткен қолдауы үшін Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық сотының төрағасы Н.Құламқадырұлына алғысымызды жолдай отырып, алдағы уақытта да халқымыз үшін жасап жүрген адал қызметіңізге үлкен жетістіктер  тілейміз» - деп жазылған.

 

Созақ аудандық сотының баспасөз орталығы