Судьялар ОҚО әкімінің кубогы үшін өткен турнирге қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 25-26 тамызы күндері Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің кубогы үшін волейбол және шағын футболдан турнир өткізілді.

Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға облыс соттарының судьялары мен қызметкерлерінен, оңтүстіктің ішкі істер органдары, арнайы ұйымдар және күштік құрылымдардан құрылған 24 команда қатысты.

Екі күндік спорттық жарыс нәтижесі бойынша облыс сотарының командасы волейболдан жүлделі үшінші орынды иеленді. Бірінші орынды ҰҚК-нің ОҚО бойынша департаментінің командасы алса, екінші орын ОҚО ІІД-нің командасына бұйырды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі