Тараптармен татуласу келісім шарттары бекітіліп, азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы «Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сотқа келтірген талап қою арызында жауапкерлер Т.У,  Т.А-дан өз бетінше иеленіп алынған мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін қайтаруды талап ету және жер телімін бастапқы қалпына келтіруді сұраған.  

Сот отырысында тараптар татуласу келісімін бекіту туралы өтініш жасап, жауапкерлер Т.У, Т.А Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылында орналасқан өз бетінше заңсыз иеленіп алған жер учаскесіне, жалпы көлемі 40,0 шаршы метр аяқталмаған тұрғын үй құрылысын, 2024 жылдың қаңтар айының 7-жұлдызына дейін өз есебінен бұзып, жер учаскесін бастапқы қалпына келтіруге міндеттенген.

          Өз кезегінде талап қоюшы мен өз бетінше иеленіп алынған мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін қайтаруды талап ету және жер телімін бастапқы қалпына келтіру  туралы талап қою арызынан бас тартты.

Тараптарға осы мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіні түсіндірілді.

         Соттың ұйғарымымен тараптардың араларында түзілген татуласу келісім шарттары бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі