Түркістан қалалық соты мен облыстық тарихи–мәдени этнографиялық орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Түркістан қалалық соты мен Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи–мәдени этнографиялық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Аталған меморандум мәдени-танымдық жұмыстар мен әуесқой шығармашылық саладағы жан-жақты ынтымақтастық орнату, мұражай қорларын экспонаттармен байыту негізінде әрекеттестікті жандандыру мақсатына бағытталған.

Түркістан қалалық сотының төрағасы О.Серикбаев пен Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи–мәдени этнографиялық орталығының директоры Г.Дюсенбаева арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінен соң судьялар мен қызметкерлер тарихи-мәдени-этнографиялық орталық экспозициясымен танысып, Астана қаласындағы  «ЕХРО» көрмесіне қойылатын экспонаттарды да тамашалады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи–мәдени этнографиялық орталығының 1-қабатында орналасқан «Хан ордасы» бөлімі ежелгі тас дәуірден бастап орта ғасырды қамтиды, 2-қабат «Хан тағы» деп аталады. Бұл жерде Қ.А.Яссауидың өмірі, қызметі, шығармашылығы, қазақ хандарының құрылуы, таралуы туралы мәліметтер жинақталған. 3-қабатты «Тәуелсіздік тұсындағы Түркістан» деп атаған. Бұл бөлікте Елбасының сапары, Түркістан қаласының жетістіктері туралы бұрыштамалар қамтылған.

Пікір алмасу кезінде Меморандумды дамыту үшін ұсыныстар қаралып және олардың бірігіп келіскендерін қатысушылар бірауыздан қолдады.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі