Түркістан қалалық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылғы 6 қазанда  Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық сотында судьялардың, прокуратура, сот орындаушылардың, Әділет басқармасының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық істер бойынша сотталғандарға айыппұл түріндегі жаза тағайындаған сот шешімдерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында сотталғандарға айыппұл түріндегі жаза тағайындаған сот үкімдерінің орындалуы жөнінде қолданылған шаралар, сондай-ақ осы санаттағы қылмыстық істер бойынша үкімдердің орындалуы туралы 2015 жылдың 9 айындағы статистикалық мәліметтер талқыланды.  

Іс-шара соңында қатысушылар жұмыс сапасын көтеру төңірегінде тиянақты жұмыстар атқару жайлы ортақ түсіндірмелер мен пікірлер алмасты.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі