Ұрлық жасап, бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара аудандық сотымен, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен айыпталған сотталушы Е. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Е. анықталмаған адамдармен алдын ала сөз байласып, тұрғын үй-жайларға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқырған.

 Сотта Е. кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкініп, кешірім жасауды сұранды.

Сот, Е. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.  

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі