Ұсақ бұзақылық үшін қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының 18.08.2014 жылғы қаулысымен, Сарыағаш қаласы, Мөлтек ауданының тұрғыны А.А. балағаттау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,  оған 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалған.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы А.А., 21 шілде 2014 жылы сағат 01-30-дар шамасында Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылында орналасқан автотұрақтың ішінде спирттік ішімдік ішіп алып, қоғамдық орында жәбірленуші А.Н. сыйламаушылық танытып, оны балағаттап ұсақ бұзақылық жасаған.     

Қаулы заңды күшіне енген.

Қайнар: ОҚО Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.