Заңсыз иеленген мүліктерді өз еріктерімен қайтарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекші аудандық сотында талапкер С.О.-ның жауапкерлер М.А. мен К.Н.-дан заңсыз иемденген мүлкін өзгенің меншігінен алу туралы талап арызына байланысты азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптар медиация тәртібімен бітімгершілікке келіп, талапкер С.О. жауапкерлер М.А. мен К.Н.-дан заңсыз иемденген мүлкін қайтару жайлы талабынан бас тартты.

Жауапкер М.А. талапкер С.О.-ға 150 литрлік аквариумды астындағы тумбасымен қайтаруды, ал жауапкер К.Н. талапкер С.О.-ға 64 000 теңге қарыз ақшасын 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап ай сайын 11 000 теңгеден төлеп, 2018 жылдың 18 наурызына дейін құтылуды міндеттенді.

Сот бітімгершілік келісімінің талаптары заңға қайшы келмейтінін, сотта бекітілген жағдайлар барысында ешкімнің құқығы, бостандығы, заңды мүдделері бұзылмайтындығы ескеріп, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 6-бөлігінің, 277, 278-бапарының талаптарына сәйкес бітімгершілік келісімді бекіту туралы шешім қабылдады.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі