Архив событий

17/02/2014

Азаматтық дау медиатордың көмегімен шешілді

17/02/2014

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотына талапкер А.С. арызданып, онда  жауапкер Г.Д.-дан баласы үш жасқа толғанға дейін өзіне он айлық көрсеткіш мөлшерінде, яғни 18 520 теңгеден алимент өндіруді сұраған.

      Аталған азаматтық істі сотта қарау барысында тараптар кәсіпқой емес медиатор И.Султанбековтың көмегімен келісімге келген. Бір-бірімен татуласып, дауды реттеу туралы жазбаша келісім жасаған екі жақ соттан осы келісім шартты бекітуді сұраған.