Архив событий

06/02/2014

Әпкесін балағаттағаны үшін сот алдында жауап берді

06/02/2014

2014 жылғы 22 қаңтар күні Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен отбасында ұрыс-жанжал шығарған Т. атты азамат 3 тәулікке қамалды.

2014 жылдың 17 қаңтарында сағат 21:00 шамасында ол өзінің үйіне мас халде келіп, үйіндегі әпкесімен ұрысып қалған. Жанжал барысында құқық бұзушы әпкесін түрлі ар-намысына тиетін былапыт сөздермен балағаттаған.

Сот барысында Т. өзінің жасаған әрекетіне өкініп, әпкесінен кешірім сұрады. Ол болған оқиға спирттік ішімдіктің кесірінен болғанын, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын айтып, соттан қатаң жазаламауды сұрады.