21 жасқа толмаған азаматқа алкоголь өнімін сатқаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны С.М. ҚР ӘҚБтК-нің  200-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 22 690 теңге айыппұл салынды.

Сот отырысында құқық бұзушының жеке тұлға бола тұра, Шымкент қаласындағы Өтегенов көшесінде орналасқан азық-түлік дүкендерінің бірінде 21 жасқа толмаған азамат С.А.-ға 3 шөлмек алкоголь өнімін өткізгені анықталды.

Сотта түсінік берген құқық бұзушы С.М. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін айтты.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі