Арыс аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотында «2016 жылдың 12 айында және 2017 жылдың 6 айында қысқартылған әкімшілік істер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға жергілікті ішкі істер бөлімі және желілік ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері, аудандық прокуратура қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың талаптарын сақтау, заңның өрескел бұзылуын алдын алу. Жиында баяндама жасаған судья Г.Мекембай әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру тәртібін, хаттаманы жасау мерзімдері мен әкімшілік істі қарау үшін сотқа жолдау мерзімдерін атап өтті.

Қатысушылар, дөңгелек үстел нәтижесі бойынша бірлесе отырып, хаттаманы толтырған кезде аталып өткен кемшіліктерді болдырмау және істерді сотқа жолдау барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың талаптарын қатаң сақтау туралы тұжырымға келді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі