Аудандық сотта мемлекеттік тілді сот саласында дамыту мәселесі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Сарыағаш ауданының №2 аудандық сотында  «Мемлекеттік тілді сот саласында дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық сот судьялары, Келес заң консультациясының адвокаттары, Абай ауылы әкімі аппаратының, Сарыағаш АІІБ-ның ПБ-нің және Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді төраға Н.Ешпанов ашып, баяндама жасады. Ол өз сөзінде сот саласында мемлекеттік тілді қолдануды әрі қарай дамыту қажеттілігіне тоқталды.

Сонымен қатар, жиында Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Мырзабековтың баяндамасы тыңдалды.

Іс шара соңында, Н.Ешпанов дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, өзара  пікір алмасты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі