Айыппұл түріндегі жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК 108-бабымен сотталушылар А. мен Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс бойынша анықталғаны, сотталушылар А. мен Н. өзінің танысы жәбірленуші Г.-ны бас араздық салдарынан ұрып-соғып, қасақана денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.

Сот, сотталушылар А. мен Н.-ны Қазақстан Республикасы ҚК 108-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағандары үшін кінәлі деп танып, олардың әрқайсысына 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 64 770 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі