Азаматтың денсаулығына қасақана зиян келтірілген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түркістан қалалық сотымен ҚР ҚК 108-бабы, жеке айыптау шағымы бойынша  Б.Д., Б.Б. және  Т.Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Жәбірленуші Б.Т.-ның жекеше айыптау шағымында, 30.11.2016 жылы сағат 16:00 шамасында Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан автотұрақта, жұбайының ағалары Б.Д., Б.Б., және Т.Н. үшеуі жабылып ұрып-соғып, қасақана жеңіл дене жарақатын салғандарын көрсетіп, жеке айыпталушыларды ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұранған.

Сот қаулысымен жеке айыпталушылар Б.Д., Б.Б., және Т.Н.-ны Қазақстан Республикасының 13.12.2016 жылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Заңының 2-бабының талабына сай, көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасымен босатылып, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі