Банк пен қарыз алушы арасындағы дау медиациялық тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аль-Фараби аудандық сотына талапкер  «Bank RBK» АҚ-ы  жауапкер Т.-дан  2 339 408,36 теңге қарыз сомасын және мемлекеттік баж салығы 70 000 теңгені өндіру туралы талап қою арызымен  жүгінген.

Сот аталған істі қарау барысында тараптарға олардың құқықтарын түсіндірген соң, екі тарап медиация тәртібімен келісімге келді. Осыған орай, Банк талап қою арызынан бас тартты, ал өз кезегінде  жауапкер талап қоюшының  пайдасына 09.05.2018 жылға дейін қарызды қайтару үшін ай сайын төлем жасауға міндеттенді.

Соттың ұйғарымы бойынша екі тарап арасындағы дау (жанжал) медиациялық келісіммен бекітіліп, іс өндірістен қысқартылды. Талапкердің пайдасына төленген 70 000 теңге мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі