Билік өкілін қорлағаны үшін сотты болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотталушы Р. 2015 жылдың 22 наурыз күні сағат 08:50 шамасында Шардара АІІБ-нің  бақылап тексеру пунктінің алдында, яғни қоғамдық орында, спирттік ішімдік ішкен мас халде бола тұра, Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің полиция капитаны А.-ны, оның нысанды киімде екендігін көре тұра, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаман сөздермен балағаттап, ар-намысына тиетін сөздермен қорлаған.

Содан кейін, сотталушы Р. Шардара АІІБ-нің  ғимараты алдында, яғни  қоғамдық орында, өзінің лауазымдық қызметін атқарып жүрген Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің полиция сержанты У.-дың заңды талаптарына бағынбай, аты - жөнін айтудан және мастық күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартып, қарсылық білдіріп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі және 379-бабының 1-бөлігімен айыпталған.

Сот үкімімен сотталушы Р. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі және 379-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған 120 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі