Бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны үшін бас бостандығы шектелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 202-бабының 2- бөлігінің 1-тармағымен айыпталып, сотқа кінәні мойындау нысанындағы процестік келісіммен келіп түскен қылмыстық ісі бойынша сотталушы Б.П. жасаған қылмысы үшін айыпты деп танылған. Ол өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жойып, жәбірленушіге материалдық залал келтірген.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық сотының үкімімен сотталушы Б.П.-ға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 44-бабының талаптарына сай оған пробациалық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі