Дау сот медиациясы тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түлкібас аудандық сотында талапкер А.Г.-ның жауапкер А.Р.-дан өзіне алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі сотта қарау барысында тараптар судья медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.

Аталған келісім бойынша тараптар бітімгершілік шартындағы міндеттерді орындауға, жауапкер А.Р. талапкер А.Г.-ның пайдасына баласы үш жасқа толғанға дейін ай-сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлеуге міндеттеме алды.

Талапкер өз талабынан бас тартып, медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу келісімін жасалғанына байланысты, азаматтық істі қысқартуды сұраған.

Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiліп, азаматтық iс өндiрiстен тоқтатылды

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі