Еңбек құқығы бұзылғандардың арызы бойынша қозғалған қылмыстық істер медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық соты еңбек туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша қозғалған 2 қылмыстық істі тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатты.

Сотқа Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылының тұрғыны Л.К. жекеше айыптау шағымымен жүгінген.

Л.Кокеева өз шағымында 2016 жылы қыркүйек айынан бастап Ынтымақ ауылында орналасқан «Алинұр» балабақшасында мейірбике ретінде жұмыс істегенін көрсеткен.

2017 жылдың басында ол жүкті болған, ал мамыр айынан бастап балабақшаның меңгерушісі оны анықталмаған себептерге байланысты жұмысқа жібермей, оның конституциялық құқықтарын бұзған. Л.К. сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 152-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұрады.

Сонымен қатар, аудандық сотқа ҚК 152-бабы бойыша жекеше айыптау шағымымен Г.А. арызданған.

Г.А. Сарыағаш ауданындағы ауылдардың біреуінде орналасқан мемлекеттік ауылдық ауруханасында мейірбике болып жұмыс істеген.

2016 жылы маусым айында ол бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан. Алайда, бір жылдан кейін, яғни 2017 жылғы маусым айында ол жұмысқа қайтып шығам дегенде, ол істеген аурухананың бас дәрігері, бос орын жоқ деген сылтаумен оны жұмыс істеуге жібермеді.

 Аталған шағымдардың екеуі де соттың өндірісіне қабылданған. Істі қарауға медиатор қатыстырылып, оның көмегімен екі іс бойынша да тараптар татуласуға қол жеткізді. Екі жас әйелдің құқықтары қалпына келтірілген, олар жұмысқа қайта қабылданған және олардың шығындарының орны толтырылған. Қылмыстық істің екеуі бойынша да іс жүргізу тоқтатылған.

Соттың қаулылары заңды күшіне енбеген. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі