Қарыз ақша өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер І.Б.-ның жауапкер К.М.-ға 70 000 теңге мөлшеріндегі қарыз ақша мен 30 000 теңге мөлшеріндегі моральдық шығынды, 31 111 теңге мөлшеріндегі өсімпұлды және 1000 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік бажды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар судьяның қатысуымен медиация тәртібінде дауды реттеу жөнінде келісімге қол жеткізді.

Талапкер І.Б. талап арызынан бас тартып, жауапкерге 70 000 мың теңгені қолма-қол бір ай мерзімде қайтарып беруді ұсынды.

Жауапкер К.М. талапкердің талабымен келісіп, негізгі қарыз ақшаны 70 000 мың теңгені бір ай мерзімде төлеп құтылуға келісті.

Соттың ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сонымен қатар, АПК-нің 278-бабына (іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың тәртібі мен салдары) сәйкес, талапкерге мемлекеттік баж қайтарылды. 

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі