Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ордабасы аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы П.И.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдары бойынша, құқық бұзушы П.И темекі қалдығын белгіленбеген жерге тастап, қоғамдық орында ортақ пайдалану орнын ластаған.

Аталған істі сотта қарау барысында құқық бұзушы П.И кінәсін мойындап, қоғамдық орында темекі шегіп, оның қалдығын тастағанын көрсеткен.

Сот қаулысымен П.И Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде, яғни, 15 883 тенге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі