Көлік салығын төлемегені үшін сот бұйрығы шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түркістан қалалық соты мемлекеттік кірістер басқармасының арызы бойынша мемлекеттік бюджетке көлік салығын төлемеген азаматқа қатысты азаматтық іс қарады.

Іс-құжаттарына сай, борышкер С.П. «Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-де салық төлеуші ретінде тіркелген. Ол меншігіндегі 2001 жылы шыққан «Газ-322132» маркалы автокөлігі үшін мемлекеттік бюджетке төленбеген 29 694 теңге көлік салығы, өсімі 2600 теңге, барлығы 32 294 теңге қарыз болған.

Сот бұйрығымен борышкерден мемлекет пайдасына  көлік салығына қарызы 32 294   теңге және 485 теңге мемлекеттік баж өндірілді.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі