Қылмыстық іс бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық сотында 17.08.2017 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігімен айыпталған З.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, сотталушы З.А. бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлап алып кетіп, жәбірленушіге қаржылай зиян келтірген.

Аталған істі сотта қарау барысында жәбірленуші сотталушымен татуласқанын, келген зиянды толық қайтарғанын, бұл істі медиация тәртібімен реттегендерін, медитивтік шартын жасап, өздерінің келісімге келгендіктерін көрсетіп, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Осыған байланысты, З.А. қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылған.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі