Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кентау қалалық соты азамат Х.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық істі қарады.

 Іс материалдары бойынша анықталғандай сотталушы Х.А. өзінің танысы - жәбірленуші Ж.Т.-ның үйіне барып, пәтердің шыға берісінде тұрған бағасы 80000 теңге тұратын «Самсунг Галакси Е5» маркалы ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.    

Басты сот талқылауы барысында жәбірленуші Ж.Т. сотталушының келтірілген залалдың орнын толтыруына және онымен татуласып, кешірім беруіне байланысты қылмыстық істі медиация тәртібімен тоқтату туралы арыз түсірген.

Соттың қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Х.А. қатысты қылмыстық іс сотталушының жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты  тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі