МАС КҮЙІНДЕ АВТОКӨЛІКТІ БАСҚАРЫП ЖОЛ АПАТЫН ЖАСАҒАН

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

МАС КҮЙІНДЕ АВТОКӨЛІКТІ БАСҚАРЫП ЖОЛ АПАТЫН ЖАСАҒАН

Мақтаарал аудандық сотында 10 шілде 2014 жылы құқық бұзушы Е.Уразбаевтың үстінен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-тің 467-бабының 3-бөлігімен жинақталған әкімішілік іс қаралды.

Сот барысында келесі мән-жайлар анықталды, Е.Уразбаев 24.06.2014 жылы сағат 16:00 шамасында Мақтаарал ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі, Ынтымақ ауылындағы Астана көшесінің бойында өзінің басқаруындағы «Ваз-21074» маркалы м/б Х 493 DRA 13 автокөлігін Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережелерінің 2.7.1, яғни  мас күйінде басқарып жол бойында тұрған Н.Тургуновқа тиесілі м/б Х452 ТВN санды «Ауди 100» маркалы автокөлігінің бүлінуіне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтірген. 

      Сотта, құқықбұзушы Е.Уразбаев өзіне тағылған айыпты мойындап, қазіргі кезде жасаған әрекетіне шын жүректен өкініш білдіріп, кешірім сұрайтынын көрсетті.

      Сот құқықбұзушының жауабын,  іс құжаттарды жан-жақты объективті зерттеп Е.Уразбаевты, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 467-бабының 3-бөлігінде белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп тапқан.

Сот, құқық бұзушы Е.Уразбаевқа жаза тағайындағанда, жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, істеген іс-әрекетіне шын жүректен өкініш білдіріп отырғанын ескеріп,  ал ауырлататын мән-жайлар іс бойынша жоқ деп тапқан.

Сот, құқық бұзушы Е.Уразбаевты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 467-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп тауып, оған осы баппен осы бөлігімен 5 (бес) жыл мрзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырған.

  Қаулы заңды күшіне енген