Отбасының тыныштығын бұзғаны үшін ескерту түрінде жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шардара аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен К. атты азаматқа қатысты қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Істі сотта қарау барысында анықталғандай, құқық бұзушы өз үйінде өзінің зайыбы - жәбірленуші Ж.-ға сыйламаушылық көрсетіп, отбасы мүшелерінің көзінше былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіріп, тыныштығын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы К. өзінің айыбын толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, кешірім сұрады.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған ескерту түрінде жаза тағайындалды.      

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі